Спорт
Итальяндық бапкер итальяндық команданы жаттықтырады
"Интер" Лучано Спалеттиді жұмыстан шығарғаннан кейін, жаңа бапкердің атын атады. Миландықтардың ресми сайтында команданы Антонио Конте басқарғаны жайлы айтылған. 49 жастағы бапкерге "Интер" командасын Еуропа футболының шыңына шығару тапсырылған.
"Антонио Конте – ең үздік бапкерлердің бірі екендігіне сенемін. Ол бізге мақсатымызға жетуге және біздің еш өзгермейтін, бұл клубты әлемдегі ең үздік клубтардың бірі етуге байланысты миссиямызды орындауға көмектеседі деген сенімдемін", – деді клуб президенті Стивен Чжан.
"Менің өмірімнің жаңа парағы ашылып жатыр, мен толқып тұрмын. Президент пен директорлар артқан сенімді өз жұмысыммен ақтауға тырысамын. Мен "Интерді" ол тарихы бар мықты клуб болғасын таңдадым", – деді Конте.