Саясат

Теледебат: Министр Тоқаевтың дебатқа не үшін қатыспағандығын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың теледебатқа қатыспауы.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың теледебатқа қатыспауына байланысты өз пікірін айтты. Бұл туралы zhasalash.kz хабарлайды.

Министр өз ойымен «Хабар» арнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында бөлісті. Оның айтуына қарағанда, дебатқа сенімді өкілін жіберу - әлемде бар үрдіс.

«Мәселен, уақыт болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жиынына қатысып жатты. Кандидат кей жағдайда саяси күресте дебатты маңызды деп есептемейді. Егер оның бағдарламасы мен саяси салмағы қарсыластарынан зор болса қатыспағаны тиімді», - деді Абаев мырза.

Президенттікке үміткерлердің арасындағы теледебат 29 мамыр күні  «Хабар» арнасының тікелей эфирінде өтті. «Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВ қатысты. Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев та дебаттарға қатысқан емес. Сонымен қатар, Дания Еспаеваның орнына Азат Перуашев қатысса, Төлеутай Рахымбековтың орнын Әли Бектасов алмастырды.