Саясат

Жем-шөп өсірудің тың тәсілі Таразда қолға алынды

Күніне 400 келі өнім алуға болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында жем-шөп өсірудің тың тәсілі қолға алынды. 

Тараз қаласында алғаш рет гидропогика әдісімен жасыл жем-шөп даярлау цехы іске қосылды. Инновациялық жобаны қолданысқа енгізу - " Қазгидропоника" ЖШС бастамасымен қолға алынып отыр. Мал азығын дайындаудың мұндай тәсілін меңгерсеңіз жер жыртып әуре болмайсыз. Жыл бойы өсіре беруге болатындықтан қарлы қыста да малдың күйіне алаңдамаға болады. Жаңа технологияның көмегімен күніне 400 келі, ал, жылына 150 тоннадай жем-шөп жинауға мүмкіндік бар. Құнарлы өнім оңайлықпен бүлінбейді. Сіңімділігі өте жоғары. Ветеринарлық аурулардың алдын алуға септігі зор.Жем-шөп өндіру процесі автоматтандырылған. Цехтағы жұмысшылар екі-үш сағат қана жұмыс істейді. Жаңа инновацияның игілігін жергілікті шаруалар пайдалану үшін облыстық ауылшаруашылығы басқармасы жеңілдетілген жобаларды іске асырмақ ниетте.