Саясат

Хиллари Клинтон жаңа жұмыс тапты

Қызы екеуі продюсерлік компания құрмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер болған Хиллари Клинтон және оның қызы Челси фильмдер мен телевизиялық бағдарламалар шығаратын продюсерлік компания құрмақшы.

Хиллари және Челси студиялармен бағдарламалар қатарын қаржыландыру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіпті. Олар телевидениені "қоғам мен мәдениетке ықпал ету" үшін пайдаланбақшы. Нақтырақ айтсақ, саясаткер мен оның қызы әйелдерге байланысты жобаларға көңіл бөлмек.

Хиллари Клинтон, АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтонның әйелі. Ол өз кезінде сенатор да болып үлгерген.