Экономика
Экономикалық соғыс қыза түсті
Қытай, қытайлық өндіріс орындарына қысым жасауға тырысатын шетелдік компаниялар мен жеке тұлғалардың қара тізімін жасайды. Бұл туралы, ҚХР дың коммерция министрлігіне сілтеме жасап Global Times хабарлайды.
Бұл тізімге қытай тауарларының шетелге шығуын және "коммерциялық емес себептер бойынша кемсіту шараларын" қолданатын шетелдік ұйымдар мен жеке тұлғалар кіреді. Бұл компанияларға қандай шаралар қолданылатыны туралы кейін жарияланады.
Қытайдың коммерция министрлігінің өкілінің сөздеріне қарағанда, бұндай шешім, кейбір шетелдік компаниялардың нарықтық принциптерді бұзып, қытай компанияларының жұмыстарына кедергі болуымен байланысты. Сол арқылы, Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірген.
Бұдан алдын, Ху Сицзинь басылымының бас редакторы, өзінің Twitter парақшасында қытай билігінің, Huawei компаниясын қара тізімге енгізіп, өз компанияларына онымен жұмыс істеуге тыйым салған АҚШ-қа қарсы жауапты шараларды қабылдауға дайын екендігін жеткізген болатын. Оның айтуынша, "Пекин жайбарақат отырып, болып жатқан нәрселерге бейжай қарай алмайды, жақында жауап ретінде жаңа шаралар қолданады".
2019 жылдың мамыр айында, АҚШ президенті Дональд Трамп жарлық шығарды. Оған сәйкес, америкалық компанияларға Huawei компаниясымен жұмыс істеуге болмайды. Себебі, бұл компанияға қатысты, арнайы қауіпсіздік қызметтерімен байланысты және оларға қолданушылар жайлы мәліметтерді береді деген күдік бар.