Weekend
Ақтау қаласы
Ақтаудан 20 шақырым жерде 160 гектар аумақты алатын демалыс аймағы 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Туристік нысанда орналасатын 4 жұлдызды қонақ үйдің іргетасын қалауға Премьер-министр Асқар Мамин арнайы келді. Отандық туризмді дамыту үшін жобаның жаңа мүмкіндіктерін ашатынын айтып, сәттілік тіледі.
Түркиялық мердігер компания өкілдерінің айтуынша, курорттық аймақта жағажай клубы, теннистік корт, футбол алаңы, ойын-сауық орталығы, жылытылатын бассейн, Қазақстандағы ең ірі аквапарк, СПА болады. Жалпы, кешен 4 кезеңге бөлініп салынады және 18 шақырымға жалғасады. Айта кетейік, қонақ үй бір мезгілде 1 мыңнан астам адамды қабылдауға қауһарлы.
Былтыр Елбасы Ақтау саммиті кезінде қаланың болашақта Қазақстанның Анталиясына айналатынын айтқан еді. Міне, алғашқы қадам жасалды. Айта кету керек, бұл шара - 15 мамырда өткен Астана экономикалық форумының жемісі. Форум аясында облыс әкімі Ералы Тоғжанов шетел инвесторымен ірі жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімге келген еді.