Hi-Tech
Біле жүріңіз!
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Заман ағысына қарай технологиялық және мультимедиялық құралдардың дамуына байланысты адамдардың мүмкіндіктері жыл санап артып келеді. Смартфон құралына арналған арнайы бағдарламалар арқылы өз идеяңызды ұсынуға, жеке бизнес ашуға, мүлік жарнамалауға, қысқа метражды видео түсіріп оны мантаждауға, логатип жасауға, ең әрісі, келбетіңізді сұлуландыруға және сәндеуге болады.
Фотошоп (Photoshop) қызметі
Фотошоп – суреттің сәнді болуына, қысқаруына, өңделуіне, ерекшеленуіне, графикалық өзгерістерге түсуіне, екі не одан көп обьектілердің жанасуына, қиылуына, хромакей арқылы түрленуіне көмектеседі.
Смартфонға арналған фото-редакторлық бағдарламалар
Смартфонға арналған фотошоп бағдарламалар жоғары дәрежеде қызмет етпейді. Әлеуметтік желіге жарайтын сурет салу үшін бағдарламаны игеру де аса қиынға соқпайды.
Adobe System компаниясы ұсынған Photoshop Touchбағдарламасы компьютерлік жүйеге негізделген Adobe Photoshop бағдарламасының смартфонға арналған түрі.
Photofox фоторедакторлық бағдарламасы Videoleap бағдарламасына көмекші құрал ретінде пайда болған. Ол видеоға негізделген суреттерді өңдеу, қысқарту, графикалық ретке келтіру қызметтерін атқарады. Бағдарламаның ең басты артықшылығы хромакей жүйесінің жақсы жұмыс жасауында.
Хромакей «chromakey» дегеніміз — бірнеше кескіндер мен кадрларды бір композицияға біріктіру технологиясы.
Canva- логатип жасау мен күнтізбелік тізім құрастыруға арналған смартфондық таптырмасбағдарлама. Бұл Интернет маркетинг саласында жеке бизнесін ашып жүрген жас кәсіпкерлердің бастапқы логатипін жасауға көмектеседі.
Компьютерлік Adobe Photoshop бағдарламасы
Компьютерлік стандартқа сай келетін, кең қолданысқа ие Adobe PhotoshopбағдарламасынAdobe компаниясы ұсынды.Бағдарлама- графикалық суреттерді өңдеуге, қырқуға, екінші миксер орналастыруға, стандарттық түрлерін қалыптастыруға, обьектілерді өзгертуге және реттеуге арналған. Және аталмышбағдарламафильтрлер, түстер ауқымдылығымен де ерекшеленеді.
CorelDRAW бағдарлама топтастығы
CorelDRAW – Канадалық Corel компаниясының графикалық редакторы. Бағдарлама геометриялық графикалармен жұмыс жасайды. Күрделі сызбалары, кітап, газет, журнал мұқабаларының фигуралық ерекшеліктері, түстер айырмашылығы, дайын бейнелеулерді түрлендіруі арқылы әлемдік деңгейге көтерілген бағдарлама.