Саясат

«Қазақстаннның ішкі дамуында не маңызды?» Тоқаев жауап берді

Ресей қалай ықпал етеді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Федерациясымен ынтымақтастық Қазақстанның ішкі дамуындағы маңызды фактор болып саналады, деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия" телеарнасына берген сұхбатында.

"Неліктен біз Ресей Федерациясымен ынтымақтастық туралы айтамыз? Өйткені мұнда сөзден басқа, өте маңызды прагматикалық мән бар. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттарына негізделген Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы – бұл Қазақстанның ішкі дамуында табысқа жетудің маңызды факторы. Мен оған сенімдімін", - деп атап өтті Тоқаев.

"Вести Недели" бағдарламасында берген сұхбатында республика президенті Қазақстанның болашағы туралы ой қозғады.

"Бұл, ең алдымен, өркениет адамдары тұратын дамыған ел. Бұл –болашаққа сеніммен қарайтын білімді жастар, бұл – молшылықта өмір сүретін адамдар. Осы мақсатқа жету жолында жұмыс істегім келеді. Алайда бұл мақсатқа сыртқы орта қолайлы болған кезде ғана қол жеткізе аласың", - деп атап өтті ол.

sputniknews.kz