Саясат
Қытайда қысым артқан
Енді халықаралық ұйымдардың сарапшылары Шыңжаңда Айт мерекесіне байланысты билік тарапынан ескертулер жасалынып жатқанын айтуда. Қытай билігі Айт мерекесін тойлағандарды жазаламақ. Лагерьге қамалу қаупі жоғары дейді олар. HumanRightsWatch ұйымының Қытайдағы сенімді өкілдері жергілікті халықтан анонимді сұрау алуға тырысқан. Алайда билік тарапынан кедергі туындаған. Дегенмен екі мұсылманнан алынған жауапқа сай, олардың Айт мерекесін тойламайтыны белгілі болды. Басты себеп Қытай билігінен және лагерьден қорқу екен.