Саясат
Ешкім сайлау комиссиясының талабына сай келмеген
Алжирдің конституциялық кеңесі, ел президенттігіне үміткер екі адамның да өтінімдерін қабылдамады. Сол себепті 4 -ші шілдеге белгіленген сайлауды, кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.
Президенттікке Абдельхаким Хамад және Хамид Туахри деген, қатты танымал емес саясаткерлер үміткер болған еді. Алайда олардың құжаттары қабылданбады.
3 сәуір күні, елді 1999 жылдан бері басқарып келген 82 жастағы Абделәзіз Бутефлика орнынан өз еркімен кеткеннен кейін, Алжир саяси дағдарысқа ұшырады.