Саясат

Тоқаев көпбалалы аналардың проблемасын қалай шешпекші?

Мемлекет басшысы көпбалалы аналраға қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда көпбалалы аналардың проблемасын қалай шешетінін айтты. 

Тоқаев тwitter-аккаунтында өзінің тапсырмасы бойынша президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев пен үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездескенін хабарлады. Көтерілген мәселелер бүгін, 4 маусымда жұмыс тобының аясында қаралады.

"Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет", - деп жазды президент.

Бұған дейін мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіріп, алаяқтықты тоқтатуға тапсырма берген еді.

Қазақстанда көпбалалы отбасылардың проблемасы Нұр-Сұлтанда бес қыз өртеніп кеткеннен соң көтерілді. Осы трагедиядан кейін үкімет көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауды қайта қарап, жалға берілетін тұрғын үйді алуға жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер енгізді. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің көлемі айтарлықтай артты.     

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61