Саясат
Даудың басы неден шықты?
"Мамандар жоқ. 5 колледжге балалар барады деп жазған себебіміз 5 колледжде сурдолог, логопед дефектолог бар", - дейді тұрғындардың бірі Жанар Сманова.
Телеарнаның мәліметінше, ата-аналар өздерінің атынан арыз жазылып, гранттың басқа жаққа бөлінгенін біле сала Түркістан облыстық білім басқармасына барған. Алайда педагог-шенеуніктер "грант ұнамаса, балаларыңды ақылы түрде оқытыңдар" деп шығарып салды дейді. Ал бөлім басшысы Рахия Асанова тігіншілікке 21 грант бөлінгенін айтады.
"Базасы өте жақсы. 5-ші колледжден ешқандай кемдігі жоқ. Жұмыс жүріп жатыр. Түркістанға келмейміз шіріп кеткен дейді. Әкімнен бастап осы жерде тұрып жатырмыз", - дейді Түркістан облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Рахия Асанова.
Білім басқармасындағылар енді бөлініп қойған грантты қайта жасақтау керек екенін айтады. Телеарнаның мәліметінше, әкімдік алдына жиналғандарды "балалар қыркүйекте қалаған оқу ордасына барады" деп сендірді.