Мадридтік "Реал" басшылығы бірнеше ойыншы сатудан 300 миллион еуро кіріс көрмек, – деп хабарлайды AS.
Клуб міндеті – Зинедин Зидан қажеттілігіне байланысты керекті қаражат табу. Клуб валлиялық Гарет Бэйл және колумдиялық сұрмерген Хамес Родригестен құтылмақ. Соңғысы қазір мюнхендік "Баварияда" жалға алу құқығымен жүр. Бұл екеуінен мадридтік клуб 130 миллион еуро табыс көрмек.
Тағы 50 миллион жартылай қорғаушы Матео Ковачичті трансферінен түседі. Сонымен бірге, костарикалық голкипер Кейлор Навас он миллион еуроға сатылуы мүмкін.
Дани Себальос пен Маркос Льоренте трансфері – 40, Мариано – 20, Борхе Майораль – 12 миллион еуроға бағаланып отыр.
Наурыз соңында L’Equipe мадридтік клуб құрамды күшейту үшін Зиданға 600 миллион еуро беретінін хабарлаған. "Реалға" келуі мүмкін ойыншылар қатарында – "Пари Сен-Жермен"сұрмергені Килиан Мбаппе және "Манчестер Юнайтед" сұрмергені Поль Погба, сонымен бірге, "Челсидің" бельгиялық вингері Эден Азардың да аты аталып отыр.