Спорт

"Барселона" футболшылар құрамын тазалауға кірісті

Бапкерлер штабы командаға жас ойыншылар алмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Каталондық "Барселона" маусым аралығында бірқатар футболшымен қоштаспақ, - деп хабарлайды Sport.es.

Ақпарат бойынша, клуб жетекшілігі бас бапкер Эрнесто Вальвердені қызметінен босату орнына команда құрамын жасартуға назар салмақ.

Осылайша, командадан жалға алу мерзімі аяқталатын Кевин-Принс Боатенг, Джейсон Мурильо және келісімшарттары 30 маусымда аяқталатын Томас Вермален мен Дуглас Перейра нақты кетеді. Бұл футболшылармен келісімшарт ұзартылмайды. 

Сонымен қатар, "Барселонаның" бапкерлер штабы "Эвертон" және "Арсеналға" жалға берілген Андре Гомеш пен Денис Суарес, сондай-ақ, Рафинью Алькантарадан да құтылмақ. Сонымен бірге, Яспер Силлессен, Самуэль Юмтити, Иван Ракитич, Малком және Филиппе Коутиньода команададан кетуі мүмкін.

Ал кіріс трансфері бойынша "Барселона" Френки де Йонгтың "Аякстан" ауысыуына келісіп қойды және осы клубтың тағы бір ойыншысы Матейс де Лигтке қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.