Саясат
Рохани: Америка Құрама Штаттары Иранға құрметпен қараса және халықаралық ережелерге сай болған жағыдайда ғана Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуі ықтимал
Маусымның екісі күні АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Помпео Швейцарияға сапарлай барған кездінде, Құрама Штаттар Иранмен «алдын-ала белгіленбеген шарттар» туралы келіссөздер жүргізуге дайын екендігін мәлімдеді. Алайда сонымен бір уақытта АҚШ-тың Иранға қысым көрсету шаралары босаңсымайтынын айтты. АҚШ-тың бұл позициясына қатысты Иран тарабы да жауап қатты.Жауабында Иран АҚШ-тың бұндай «қағаз жүзіндегі ойындарына» көңіл аудармайтынын, керісінше АҚШ-тың Иранның қаратылған әрекеттеріне шынайы өзгерістер енгізеді деп үміттенетінін білдірді деп хабарлайды CCTV-News.
Сол күні Помпео Америка Құрама Штаттары Иранмен кез келген уақытта келіссөз жүргізуге дайын екенін,алайда сонымен бірге Құрама Штаттар Иранның «позициясын өзгертуге» мәжбүрлеу туралы құлшынысын тоқтатпайтынын айтқан болатын.
Рохани: АҚШ өзін “қалыпты(ақаусыз) мемілекет” ретінде көрсеру керек.
АҚШ-тың ескертулеріне жауап ретінде Иран президенті Роухани маусымның 2-ші күні келісім шартты бұзғанАмерика Құрама Штаттарының өзі екенін,Америка Құрама Штаттары «қалыпты ел» сияқты әрекет етуі керектігін айтты. Бұдан бір күн бұрын Рохани тағы да Иран АҚШ-тың көрсеткен қысымына бола келіссөзге келмейтінін жеткізген. Ол тағы да егер Америка Құрама Штаттары Иранға құрметпен қараса және халықаралық ережелерге сай болған жағыдайда ғана Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуі ықтимал деді.
2018-ші жылдың мамыр айында Құрама Штаттар Иранмен арадағы ядролық келісімінен бас тартқанын және Иранға қарсы санкцияларды қайта бастағанын жариялаған еді. Бұл жөнінде Иран бірнеше рет Америка Құрама Штаттарын бұл әрекеттері халықаралық ережелерді бұзу болып табылады деп айптаған болатын. Иран тарапы АҚШ санкциялар жариялау арқылы Иранды бопсалып,жаңа келіссөзге келуге мәжбүрлемекші деп есептейді.