Саясат

Тоқаев шетелдіктер мен жергілікті мамандардың жалақысына қатысты пікір білдірді

Қандай мәселені көтерді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында шетелдіктер мен жергілікті мамандардың айлық жалақысы туралы пікір білдірді. Бұл туралы Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек. Бірдей жұмысқа әртүрлі жалақы төлеуге жол беруге болмайды", - деді Президент. 

Айта кетейік, Тоқаев кеше Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Аймақ жұртшылығымен кездесу барысында Президент сондай-ақ Жайық өзеніндегі экология және балықтардың қырылуы жайлы да айтты.