Саясат
21 мың полицей жұмылдырылмақ.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМинистр қазір бүкіл елдің аумағында "Құқық тәртібі" операциясы жүргізіліп жатқанын, сондықтан қауіпсіздік шаралары қолға алынғанын атап өтті.
"Операция 6 маусымға дейін жүргізіледі. Сайлауға байланысты 7-12 маусым аралығында барлық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.
Ол 8 маусым тыныштық күні екенін, сондықтан үгіт-насихатқа тыйым салынғанын еске салды.
"9 маусымда сайлау, ол өте ерте басталады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің патруль барлық дерлік жерде жұмыс істейді. Бұл сайлау кезінде өткізілетін қалыпты шаралар", - деп сендірді министр.
Тұрғымбаевтың айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полицей жұмылдырылмақ.
Кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.
Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады. Олар
Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
"Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
"Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
"Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Президент сайлауына 12 067 475 бюллетень дайындалады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61