Саясат

Қазақстан шекарасына Ресей әскері не үшін тартылуда?

Қазақстанмен шекаралас аймақтарда мықты дайындық басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанмен шекаралас аймақтарда маңызды бір нәрсеге (к чему-то очень серьезному) мықты дайындық басталды, деп жазады ресейлік mk.ru басылымының тілшісі Андрей Соболев.

Мақалада айтылатындай, шекаралас аудандарда үлкен дайындық жүріп жатыр. Елдімекендерде жолдарға тас төселуде. Барлық қонақ үйлер брондалып, ішінде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті тұрғындар бірнеше күннен бері әскери техника мен үлкен будкалар тиелген "КАМАЗдарды" көріп жүргенін айтады.

Ал енді news.rambler.ru хабарлағандай, Ресей мен Қазақстан биыл екі елдің аумағында өтетін әскери оқу-жаттығуға қатысу үшін әскер алмасады. Ресей әскерилері көрші республикаға барып, бауырлас мемлекет өз әскери бөлімшелерін Ресейге жөнелтеді.

Сондықтан әскерилердің бұл белсенділігі алдағы Халықаралық әскери ойындармен байланысты.

Бірақ бір "но" бар – әскери-штабтық жаттығудың уақыты Қазақстандағы президент сайлауымен тұспа-тұс келіп тұр, ол елде сайлау 9 маусымға белгіленген. Осы бір қозғалыстар сол елде туындап отырған шиеленістермен байланысты болуы мүмкін. Ел билігі қауіпсіздік шараларын қолға алып жатыр.

Rossaprimavera.ru хабарлағандай, "9 мамырда Қазақстандағы интернет қолданушылары Facebook, Instagram, YouTube және Telegram-ды аша алмай қалды. Провайдерлер елден қуылған диссидент Мұхтар Әблязовтың халықты митингке шақыратын тікелей эфирін тұншықтыру үшін интернетті бұғаттаған болатын".

– Көрші елде бәрі бейбіт аяқталады, ал шекараға тартылып жатқан әскери күштер – шынымен де тек ойын болса екен деп үміттенгіміз келеді, – дейді мақала авторы Андрей Соболев.

zakon.kz