Weekend
Жапон философиясы жайлы түсінік
Соңғы кездерде бизнес мектептер мен бизнес саласындағы тренерлер арасында кеңінен қолданыстағы тіркес болып қалыптасып келеді.
Кайдзен – жапонияның өндірістік процесстерді басқаруда, жетілдіруде, тауарды өндіруде, бизнес-оптимизациялауда, сол секілді өмірдің басқа да аспектілері мен тұлға болып қалыптасу жолындағы үздіксіз жетілдірулерге шоғырланған практика немесе методика.
Бизнес саласындағы кайдзен қарапайым жұмысшыдан бірқатар жоғарғы лауазымды басшылыққа дейінгі аралықты қамтитын, сондай-ақ басқарушылық қызметтегі мамандарды жаңашылдыққа, ноу-хауға жетелеп, өндіріс ошақтары мен орындарындағы материалдық,материалдық емес процесстерді мейлінше аз шығынмен жүргізу, шығынсыз үнемшіл өндірістерді құру,оларды басқару философиясы.
Бұл стратегияны Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі тұсында Жапонияның бірқатар алпауыт кәсіпорындары қолданған.Соның бірі һәм бірегейі - Toyota концерні. Сонымен қатар бірқатар Жапонияның автоөндірушілері мен автоконцерндер бұл әдісті ұтымды деп тапқан. Оған дәлел бүгінгі күнгі Жапон автокөліктері,тұрмыстық техникалары мен тағыда басқа тұтынушылық заттар. Содан бұл концепция бүкіл әлемге тарап, бизнес пен өндіріс арасын ұштастыруда орын алды.
Жопон сөздіктерінде "кайдзен"– үздіксіз жетілдіру деген мағынаны білдіреді. Кайдзен менеджменттің құрамдас бөлігі. Кайдзен тек бизнесте ғана емес біздің өмір сүру салтымызда өмірді үздіксіз жақсарту қағиттарына да бағамдайды.