Weekend

Қостанайда 17 жастағы жас ана үшем туды

Қостанай тұрғыны екі қыз және ұл баланы дүниеге әкелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Балаларды қорғау күні  Қостанай облыстық ауруханасының бірінші бөлімшесінде 17 жастағы Лисаков қаласының тұрғыны үшемді дүниеге әкелді.

Жас ана Ирина Лысак  бірден екі қыз және ұл баланы өмірге әкелді.Сәбилердің салмағы, тиісінше 1470, 1548 және 2180 келі. Бұған дейін Ирина Лисаков қаласынан Қостанайға шұғыл түрде жіберілген болатын. Енді немерелерін үйінде әжелері мен әкесі күтіп отыр.

"Бастапқыда мұндай жаңалыққа таңғалдым. Қобалжу да болды. Әсіресе, Лисаков қаласынан облыс орталығына шұғыл жіберілгенде жұбайымның және балалардың денсаулығына алаңдағаным рас",- дейді үшемнің әкесі Вячеслав Лысак.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, жаңа туған нәрестелердің жағдайы бірқалыпты." Сәбилер анасымен арнайы палатада жатыр. Ана сүтімен қоректенеді. Анасы кәсіби техникалық училищеде аспаз мамандығында оқиды",-деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61