Денсаулық

Исландияның медицинасы әлемде несімен ерекшеленеді?

Дамыған елдердің медицинасын артта қалдырған мемлекет.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемде медицинасы дамыған елдердің санып көп. Дегенмен соның ішінде Исландияның жөні бөлек.

Неге Исландия медицинасы бәрінен ерекшеленіп тұрады?


Экономикасы дамыған АҚШ пен Ұлыбритания секілді елдерде даун синдромымен дүниеге келетін және осы дертпен ауратын адамдардың саны көп. Ал Исландия бұл жағынан мүлде өзгеше. Яғни аталған елде даун дертіне шалдыққан адамдар салыстарымалы түрде алған кезде мүлде жоқ деуге болады. Соңғы зерттеу нәтижесі бойынша Исландияда жыл сайын даун дертімен дүниеге келетін сәбилердің саны екеу-ақ.

Landspitlai – Исландияның ұлттық ауруханасы. Ол 2000 жылдан бастап қарапайым ғана тест жұмыстарын жүргізіп келеді. Тест жұмысы бойынша ұлттық медицина орталығы баланың жағдайын анасының ішінде жатқан кезде емдеуге тырысады.

Исландияда 99 % аналар тест нәтижесінен кейін баласының даун дертімен туылатынын білсе, туудан бас тартады. Сондықтан елдегі осы дертпен ауратын адамдардың саны өте аз.

Исландияның ең білікті генетиктерінің бірі Кари Стефанссон былай дейді: «Менің байқауымша, біздің елде даун дертінің ізі де қалмаған секілді».