Саясат

Сайлау кезінде төтенше жағдай қызметі де күшейтілген режімде жұмыс істейді

9 маусым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

9 маусым күні өтетін президент сайлауында төтенше жағдай қызметі де күшейтілген режімде жұмыс істейді. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

Владимир Беккердің сөзіне сүйенсек, заң бойынша төтенше жағдай қызметінің өкілдері сайлау учаскелерінде кезекшілік ете алмайды. Сол үшін олар сайлау учаскесі орналасқан ғимараттардың маңайында бақылау жүргізетін болады. Іштегі жағдайды ара-тұра кіріп бақыламақ.

«7 маусымнан бастап Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы түгелдей күшейтілген режімге көшіріледі. Ал төтенше жағдай комитетінің бақылауына 9900-ден астам дауыс беру учаскесі берілген. Оның 458-і - жабық типтегі нысандар. Әр учаскеге бір қызметкер бекітілген. Сайлау күні дауыс берушілер келгенше әр қызметкер өзі жауапты учаскені соңғы рет тексеріп, қауіпсіздік ережелері сақталғанына көз жеткізетін болады», - дейді комитет басшысы.

Ол сондай-ақ, сайлаудың жазда өтуі  төтенше жағдай өкілдерінің жұмысын біршама жеңілдеткенін айтады.

«Бізге қыс кезінде сайлауды қадағалау қиынырақ соғатын. Өйткені жылыту нысандары мүлтіксіз жұмыс істеуі керек.  Кейбір учаскелерде қосымша жылыту қондырғылары қойылады. Оның бәрі қосымша тәуекел болатын біз үшін. Ал жазда бұл жағынан әлдеқайда жеңіл», - дейді комитет төрағасы.