Саясат

Шымкентте «Қазақстандық жол – жастар көзімен» атты ғылыми-тәжірибиелік конференция өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жастарға арналған «Қазақстандық жол – жастар көзімен» атты ғылыми-тәжірибиелік конференция өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Конференцияға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доцент, саяси ғылымдар кандидаттары С.А.Мажинбеков, Г.Ж.Есіркепова, С.Ж.Рысбаева, М.С. Жолдыбаева, М.У. Жумабеков, А.Б. Шалдарбекова, Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының мамандары сондай-ақ белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен ағымдағы жыл «Жастар жылы» болып жариялануына байланысты жастар арасында жас ғалымдардың ғылыми ізденіс бағыты мен білім беру саласының маңызды мәселелерін талдау, тәжірибиелермен алмасудың жаңа идеяларды ұсыну.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, саяси ғылымдар кандидаты Мажинбеков Сәкен өз сөзінде төмендегіні мәлімдеді:

Жастарға сапалы білім беру арқылы біз келешегімізге алғышарттар жасаймыз. Жастардың қоғам, мемлекет өміріне белсене араласуы – уақыт талабы. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуының басты көрсеткіштері тікелей жастармен байланысты екені мәлім. Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолданудың жүйелі саясатын жүргізу керектігі өткен Жолдауда күн тәртібіне қойылып, бүгінде өз жалғасын табуда.

Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз, деген Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп атауының маңызы зор.

Жастар қауымы Елбасымен бірге жарқын болашаққа нық қадам басуға дайын. Рухы биік, жігерлі жастар Елбасы саясатын қолдайтындығын айтты.

Қорытындысында жас саясаткерлер Жастар жылы аясында жастарға жасалған мүмкіндіктермен қоса әлі де жасалу керек жағдайлар жөнінде өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, Қазақстанның қазіргі сәттегі өзге елдермен арадағы қарым-қатынасы жайлы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ сұрақ-жауап бөлімінде пікірталас болып, «Елбасы жолдаулары және сыртқы саясат», «Жаһандану жағдайындағы әлемде Қазақстанның орнын нақтылаудағы елбасының рөлі», «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және жастар бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру» секілді көптеген мәселелер қозғалды. Сондай-ақ Жас саясаткерлер клубы ашылып, айына екі рет кездесу ұйымдастырылатыны жөнінде шешім қабылданды.