Weekend

6 маусым кинопремьералары

Қытай композиторы Сянь Синхайдың Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы фильм шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бүгін Қазақстанда тұрған қытай композиторы туралы байопик, «Икс адамдар» сериясының соңғы бөлімі, Элтон Джон туралы музыкалық драма, маньяк Банди туралы қылмыстық триллер, махаббат үшбұрышы туралы француз мелодрамасы, Николай Костер-Вальдауойнаған қылмыстық фильм және америкалық вестерн-хоррор прокатқа шықты. Енді толығырақ тоқталайық.

«Композитор»[14+]: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен Shinework Pictures (ҚХР) компаниялары бірігіп түсірген өмірбаян-драма. Режиссерлері - Шерзат Якуб (ҚХР) пен Сәбит Кұрманбеков. Басты рөлдерде - Ху Цзюнь мен Берік Айтжанов.

Көркем фильм қытайлық композитор Сянь Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.
Сянь Синхай қысқа ғұмырында 500-ден астам тамаша әуен жазған, сондай-ақ ол 10-ға жуық кинофильмнің музыка авторы. Алматыда өткізген жылдары ол «Ұлт азаттығы» симфониясын жазған. Азаттық пен отанға деген адалдықты жырлап, зорлық-зомбылық пен соғысқа қарсы бағытталған Сянь Синхайдың шығармаларынан отанға деген махаббатын аңғаруға болады.

«Қара Феникс» («Люди Икс: Тёмный Феникс» / «Dark Phoenix») [16+]: 2000 жылдан бері келе жатқан, мутанттар туралы ұзақ киносериалдың ақырғы бөлімі. Әрине мүлдем нүкте қойылды деуге келмес, бірақ біз білетін актерлердің қатысуымен шыққан классикалық франшиза көрерменмен қоштасатыны рас. Әрі қарайғы дамуы Marvel киноғаламымен байланысты болады.

Негізінен «Қара Феникстің» 2006 эылы шыққан «Икс адамдар: Соңғы шайқас» («X-Men: The Last Stand») эпизодымен сюжеті ұқсас. Бұнда да орталық кейіпкерДжин Грейболады. Оның бойында жаңа мүмкіндіктер ашылып, біртіндеп Қара Феникске айналады. Икс-адамдар қиын шешім қабылдауы тиіс - команда мүшесінің өмірін қию немесе Жер бетіндегі бүкіл адамдардың өмірін құрбан ету.

«Рокетмен» («Rocketman») [18+]:- мюзикл элементтері өмірбаян фильм. Басты рөлде Тэрон Эджертон ойнайды.

Сюжетте ұялшақ, бірақ талантты жігіт Реджинальд Дуайттың супержұлдызға, әлем поп-музыкасының культ тұлғасы Элтон Джонға айналу оқиғасыбаяндалады.

«Өте бұзық, аса зұлым және пасық» («Красивый, плохой, злой» / «Extremely Wicked, Shockingly Evil and Vile») [18+]:1970 жылдары өмір сүрген атақты маньяк туралы картина. Фильмде оның рөлінде Зак Эфрон ойнайды.

Сюжеті 36 қыздың өмірін қиған маньяк Тед Банди жайында баяндайды. Ол көркем, мінезді болатын. Сол себепті оған құрбанын табу аса қиындық туғызбайды.

«Куриоса» («Curiosa») [18+]: Тарихи оқиғаға сүйенген француз мелодрамасы.

Париж, ХІХ ғасырдың соңы. Жас та сұлу Мария әкесінің қарызын өтеу үшін Анри де Реньеге күйеуге шығады. Анри Марияны сүйеді, бірақ бойжеткеннің жүрегі ақын Пьер Луиді қалайды. Оның саятшылығы, фотография мен түрлі экспериментке құмарлығы қызды махаббат хикаясына тереңдеп енуіне себепші болады.

«Домино» («Domino») [18+]: «Тақтар ойыны» сериалының жұлдыздары Николай Костер-Вальдау мен Кэрис ван Хаутен ойнаған қылмыстық триллер.

Фильмде Копенгаген полициясының офицері туралы айтылады. Ол қылмыскер қолынан қаза тапқан әріптесі үшін кек алғысы келеді. Алайда оның соңынан Орталық барлау басқармасының агенті түседі.

«Жел» («Обитель страха» / «The Wind») [18+]:- оқиғасы ХІХ ғасыр соңында Жабайы Батыста өрбитін үрейлі картина.

Фильмде айдалада бөлек тұратын ерлі-зайыпты туралы баяндалады. Күйеуі нәпақа үшін қалаға жиі кетеді, әйел үйде жалғыз қалып жүреді. Бірде олардың қасына тағы бір отбасы көшіп келеді. Жалғызсырап жүрген әйел бұған қуанады. Бірақ көрші келіншек әлденеден қорқып, өзін біртүрлі көрсете бастайды.

Сондай-ақ, «Проклятые» («BOO!») және «Призраки Шэрон Тейт» («The Haunting of Sharon Tate») деген тағы екі үрейлі фильм прокатқа шықты.