Саясат

Сыбайлас жемқорлық: Білім вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Эльмира Суханбердиева туралы не білеміз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі растады.

"Вице-министр Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растаймыз", - деп мәлімдеді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, 24 мамырда білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен екі айға қамауға алынған болатын.

Эльмира Суханбердиева туралы не білеміз

Эльмира Суханбердиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, психология ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1989 жылы Ақтау мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.

2000 жылы Алматы облысы Іле ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-кадр жұмысының бас маманы болды. Алматыда "Ай-Нұр" жекеменшік лингвистикалық гимназиясының атқарушы директоры, кейін Алматы облысы Іле ауданы № 7 орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді.

2007-2009 жылдар аралығында Алматыдағы "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясында басқарушы лауазымдарды атқарды.

2013-2016 жылдары Астананың (қазіргі Нұр-Сұлтан) білім басқармасын басқарды. 2016 жылдың сәуірінде білім және ғылым министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Эльмира Суханбердиева – бесінші шақырылымдағы елордалық мәслихаттың депутаты, білім саласының құрметті қызметкері атағы да бар.

Менеджмент және басқаруға қатысты бірқатар мақаланың авторы: "Білімдегі жаңалықтар", "Білім", "12-жылдық білім", "Білім ұйымы жетекшісінің анықтамалығы", "Қазақстан мектебіндегі тарих", "Қазақ ұстазы", "Астана" және тағы басқалары.

sputniknews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61