Саясат
Көпбалалы аналар мәселесін көтерген азамат
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӨз кезінде көрерменнің көзайымына айналған "Ақжүніс" бағдарламасының жүргізушісі, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы соққы жығылды. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды.
Белсенді туралы ақпараттарды әлеуметтік желіде адвокат Абзал Құспан мырза көтеріп, басқа да белсенділер жаппай наразылық білдіріп жатыр. Төмендегі жазба осыдан 3 сағат бұрын Абзал мырзаның Facebook парақшасында жарияланды:
Қазір ғана Сәулемен хабарластым, телефоны жоқ, сіңлісінің номерінен соқты, ІІД-і деп, орта жолдан Наурызбай ІІБ-не алып кеткен. 2 сағаттай ұстап, басқа есіктен шығарған, ол жерде алдын-ала дайындалып тұрған оншақты әйел Сәулені балағаттап, тиісіп, соққыға жыққан, атап айтқанда ішінен ұрып, шашынан сүйреген, бірақ бетінен ұрмаған! Ең сорақысы, осының бәрін Наурызбай ІІБ-нан шыққан екі жігіт және Сәулені үйінен алып шыққанда бетіне маска киіп тұрған жас жігіт ұялы телефондарына түсіріп тұрған. Қазір Сәуле үйінде, телефоны жоқ, сағат 18.00 Түрксіб аудандық ІІБ-не шақыртып жатыр, дереу үйіне барғандарың, ІІБ-не жалғыз жібермегендерің жөн!
Дәл қазір Сәуле Әбілдаханқызы Алматы қаласындағы №7 ауруханада жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61