Спорт

Хабиб Нурмагомедов UFC тарихындағы ең қымбат спортшыға айналды

Файтер жаңа келісімшартқа қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ұйыммен жаңа келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды ESPN.

Басылым мәліметінше, келісім бірнеше жекпе-жекке жасалған. Ол бойынша Нурмагомедов карьерасын жалғастырған жағдайда канадалық Жорж Сен-Пьермен жұдырықтаса алады.

Ал ресейліктің менеджері Али Абдель-Азиз Нурмагомедов UFC тарихындағы ең қымбат файтер болғанын айтады.

"Келісімшартқа қол қойылғанына қуаныштымыз, өйткені қамымызды ойлап қойыпты. Мұнан артық сұрай алмайсың. Бұл ең жеңіл әрі UFC тарихындағы ең ірі келісімшарттардың бірі. Бүгінде Хабиб - UFC-дегі табысы ең жоғары спортшы", - дейді менеджер. 

Нурмагомедов UFC-де 2012 жылдан бері өнер көрсетеді. Мұнда ол 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал жалпы MMA-де 27 жекпе-жектің барлығында жеңген.
Нурмагомедовтың келесі жекпе-жегі 7 қыркүйек Абу-Дабидегі UFC 242 турнирі аясында өтеді. Қарсылас америкалық Дастин Порье.
Бұл Нурмагомедов үшін титулын екінші рет қорғау. 2018 жылы ол ирландиялық Конор МакГрегорды жеңіп, белбеуін қорғап қалған еді. 
Порье - UFC-дің жеңіл салмақта "уақытша" чемпионы. Титул үшін UFC 236 турниріндегі жекпе-жекте ол отандасы Макс Холлоуэйді жеңген. Порье 25 жеңіске жетіп, бес рет жеңілген. Бір кездесуі өтпеген деп танылды.