Weekend

Цирк әлеміндегі төңкеріс

Енді жануарларға қиянат жасалмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германиядағы Ронкалли циркі өз көріністерінде жануарларды көрсетуден бас тартып, оларды үш өлшемді голограммаларға айырбастады.

Көптеген цирк өкілдері жануарлары бар көріністерден бас тартуға қорыққан. Себебі бұндай қадам, цирк табысының төмендеуіне әкелуі мүмкін еді. Өз кезегінде, көптеген адамдар цирк басшылықтарын, жануарларға қиянат жасады деп жиі сынаған.

Ронкалли циркі бұл салада төңкеріс жасап, хайтек-элементтерді енгізу арқылы, тірі жануарлар мен аниматорлардан бас тартты. Голографиялық бейнелер 32 метр ені және 5 метр тереңдегі бар алып сахналарды толтырады: осының арқасында барлық көрермендер жақсы көріністерді тамашалауға мүмкіндік алады.

Цирктің негізін қалаушы Бернхард Пол бұл жобаға 500 000 евро жұмсаған. Бір жылда бұл циркті 600 000 мың көрермен тамашалаған.