Weekend

Эверест қоқыс тастайтын жерге айналды

11 тонна қоқыс жиналған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Альпинистер Эверестен бірнеше тонна қоқыс пен қаза тапқан туристердің денесін тапты. Бұл туралы Mirror хабарлайды.

20 шерпіден (Непалдың Эверест ауданында тұратын тибетшілердің ұрпақтары) тұратын топ, тауды жиналып қалған қалдықтардан тазалау барысында, төрт мәйіт тауып, 11 тонна қоқыс жинады.

Альпинистердің айтуынша, қыста қаза тапқан саяхатшылардың денелері мен қоқыстар қар астында көміліп жатады, бірақ, жазға қарай, қар еріп, Эверест қоқыс тастайтын жерге айналады.

Шерптердің айтуынша, тау беткейлері оттегі баллондарының, шатырларлардың, жіптер, сынған баспалдақтар, банкілердің және өзге де қалдықтардың қоқыстарына толы.