Weekend
Масалар адамдарды таңдап отырып шағады екен
Америка ғалымдарының масаларға жасаған зерттеуінде қансорғыш жәндіктердің томпақ адамдарды көбірек шағатыны белгілі болған. Зерттеу нәтижесінде қансорғыш жәндіктердің бойында холестерин, сүт қышқылы көп, томпақ адамдарға қызығатыны анықталды.
Сонымен қатар, маса жынысы мен жасына қарамастан көбіне аққұба адамдарды шағады екен. Сондай-ақ, маса ер азаматтарға қарағанда нәзік жандыларды көбірек, әсіресе, аяғы ауыр келіншектер мен жас босанған әйелдерді жиі шағады-мыс.
Ал ағылшын биолог-ғалымдары масаның еті тірі, сабырсыз адамдарды көбірек шағатынын дәлелдеген. Себебі, әрдайым қимылдап, тағат таппайтын жандардың қан айналымы жақсы. Ал жүзі суық, тұйық жандарға маса аса көп жоламайды екен.
Одан бөлек, маса жүрек, бауыр, бүйрек ауруларымен ауыратын жандарды көп шағады. Себебі, маса адам ағзасында зиянды холестериннің бар-жоғын сезеді. Ал дертке шалдыққандардың ағзасында зиянды холестерин жетіп артылады.
Ал кішкентай балаларға масаның үйір болуының өзіндік себебі де бар. Олар терісі жұмсақ әрі тершіл жандарға жақын келетіндіктен, терісі жұмсақ, қаны таза кішкентай балаларды көбірек шағады екен.