Саясат

«Кез келген жағдайдың шегі болады» Абаев көпбалалы аналарға қатысты пікір білдірді

Ел бойынша көпбалалы отбасылар көп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы ол «Хабар» арнасындағы «Дәурен Абаевпен ашық диалог» бағдарламасында айтты. 

«Мемлекет көп балалы аналарға көмектесуден бас тартпайды. Алайда кез келген жағдайдың шегі болады. Бүгінде бүкіл ел бойынша көп балалы отбасылар үшін салынатын тұрғын үйлердің құрылысы басталып кетті. Қор бірнеше жылдың ішінде базалық тұрғыда мұқтаж отбасылардың қажеттігін жауып береді. Үй құрылысы аяқталмай жатқан кезде әкімдіктер қолда жоғын қалай тауып бере алады? Бірақ осыған қарамастан, елордада «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы ондаған отбасы пәтерге немесе жалға берілетін үйге ие болды», - деді Дәурен Абаев. 
«Берекелі баспана» бағдарламасы аясында көп балалы отбасылар үшін құжат қабылдау басталып кетті. Жыл басынан бері бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне 1 млн теңгелік баспаналық сертификаттар берілуде. Бұл сома алғашқы жарнаны толықтай жауып тұр. Осының бәрі де бюджет қаражаты есебінен іске асырылып жатыр», деді ол. Министрдің айтуынша, көпшілік мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін анық түсінбей жатыр. 
«Біздің мемлекет өзін әлеуметтік салаға бейімделетінін жария етті. Сондықтан, көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленуде. Ол көмектің өзі орташа есеппен бір отбасыға 100 мың теңгеден кем емес. Сонымен бірге, көпбалалы отбасылардың балалары мектепте тегін тамақтанады. Жеңілдікпен жол жүру, оқуға түсуге арналған квота... Бірақ, бұл ретте өз өмірің үшін жауапкершілікті өзіңнен толықтай алып, мемлекетке артып тастағаның - қаншалықты дұрыс?!» - дейді министр. 

«Біліктілікті арттыруды талап етпеген. Жоқ дегенде күйеулерінің айлық табысын көтеруді сұрап келсе бірсәрі. Барлығы да - дәл қазір бізге үй беріңдер, несиемізді сызып тастаңдар деп талап қояды. Тағы бір мысал келтірейін: осы жылы көп балалы отбасыларды көшіруге арналған «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы іске қосылды. Мысалы, мамыр айында ғана 52 отбасы Екібастұз қаласына көшірілді. Оның үстіне Павлодар облысының әкімдігі ересектерді жұмысқа тұрғызуға міндеттеліп отыр. Балабақшаларда тегін орын берілмек. Оқушыларға киім де, тамақтану да тегін. Елорда әкімдігі мұндай отбасылардың сол жаққа көшу шығынын көтереді. Бірақ көптеген отбасы мұндай көмектен бас тартты. Себебі, олар дәл елордада пәтер алғысы келеді», - деді Дәурен Абаев. 

24 kz