Саясат
Сапасыз мұнай дауы артып келеді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЛукашенко Белоруссияға Ресей тарапынан тасымалданған сапасыз мұнайға кеткен қаржыны өндіріп алу мәселесін көтерді. Ол «Нафтан» мұнай өңдеу зауытына барған сәтте аталмыш мәселе бойынша сөз қозғаған.
Сапасыз мұнай тасымалдағаны үшін Ресей кей шетелдік компанияларға 800 млн доллар берешек болған. Ал Белоруссияға бар болғаны 20 млн доллар қайтаруға міндеттелген. Дегенмен Минск бұл жағдайда ең көп зардап шеккен тарап болып саналады. Сәуір айынан бастап "Достық" мұнай құбырынан тасымалданатын Ресей мұнайының сапасы күрт төмендеп кеткені белгілі болған еді. Ресей мұнайын тұтынатын барлық компаниялар төленген қаржыны өндіріп алу мәселесін көтерген болатын.
Осыған байланысты Лукашенко: "Айғайлаудың, дау көтерудің қажеті жоқ. Алайда біз өз мүддемізді қорғауға тиіспіз. Ресейдің алдында тізерлеп отырмаймыз, үстел басында, келіссөз негізінде бұл мәселені шешеміз. Ең көп зардап шеккен біз болсақ та, ең аз өтемақы алып отырған да біз болып тұрмыз. Бұл мәселені реттеу керек", - деді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61