Саясат
Қазақстандықтардың құқықтық сауаты әлі де төмен. Себебі елімізде осыған дейін бірнеше рет сайлау өтсе де, тұрғындар әлі күнге дейін өз құықтарын білмейді
Бұл туралы, бүгін «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен пресс-конференцияда айтты. Мұнан басқа мамандар мынадай мәселелерге тоқталды. Егер дауыс беруші таңдайтын кандидатын айтқысы келмесе, бұл оның құқығы. Сонымен қатар, сайлау кезінде қандай да бір заң талптары бұзылған жағдайда, арнайы баптарға сәйкес жауапқа тартылады.
Мәселен, ертең «Тыныштық күні». Бұл күні сайлау алдындағы барлық үгіт насихат пен науқанға қатаң тыйым салынады. Ал дауыс берушінің осы күні нақты шешім қабылдап, ойлануға уақыты бар.