Weekend

Үндістан астанасында қоқыс үйіндісінің биіктігі Тәж Махалдан асып түсуге жақын

Үндістан астанасы картасына Тәж Махалдан да биік болатын жаңа “жер белгісін” қосуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Agence France-Presse агенттігінің хабарлауынша, Үндістандағы Нью-Дели маңындағы қоқыс тауының биіктігі келесі жылы Тадж-Махалдан асып түседі. AFP бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы жағынан әлемдегі ең лас астана деп саналған Нью-Делидің жаңа белгісі болып табылады деді.

Хабарға қарағанда бұл қоқыс тауы Газпур деп аталады. Нью-Делидің шығыс бөлігінде орналасқан, 40-тан астам футбол алаңының үлкендігіндей аумақты қамтып жатыр. Бүркіттер мен басқа да жыртқыш құстар Газпур қоқыс полигонының төбесінде айналып ұшып, қаңғыған сиырлар мен ит, мысықтар осы бықсып, түтіні бұрқырап жатқан қоқыс үйіндісінде емін-еркін аралап жүр. Жергілікті инженердің айтуынша қоқыс тауының бйіктігі 65 метрді құрайды. Дәл қазіргі өсу қарқыны бойынша есептегенде, 2020 жылға қарай бұл қоқыс тауының биіктігі 73 метрге жетіп ,Нью-Делидің символы Таж-Махалдан асып түсетін болады. Үндістанның Жоғарғы соты өткен жылы “жақын арада қоқыс тауының үстіне ұшып өтетін ұшақтарға  белгі ретінде қызыл түсті шамдары орнатылуы керек”деп ескерту жасаған болатын.

Қоқыс тауы бастапқыда Нью-Делидегі қоқыс толтыпуға арналған полигон болды. Газпур полигоны 1984 жылы ашылған, және  2002 жылы жабылуы керек болатын. Бірақ Нью-Делидегі қоқыс мұнда әлі күнге дейін күніне тоқтаусыз төгілуде. Үндістанның атын атамауды сұраған бір қызметкері: «Газпурда күн сайын 2 мың тонна қоқыс төгіледі», - деді. 2018 жылы Газпур қоқыс тауының бір бөлігі қатты жаңбыр салдарынан құлап, екі адамның өліміне әкеліп соққан болатын. Оқиға болғаннан кейін, жергілікті билік Газпурға қоқыс төгуге тыйым салды, бірақ билік Газпурдан басқа қоқыс төгетін жер таба алмағандықтан бұл шара бірнеше күнге ғана жалғасты.

Жалпы қоқыс мәселесі қазіргі таңда шұғыл бір жақтылы етуді қажет ететін,бүкіл жершарындық түйткілді тақырыпқа айналып отыр.