Саясат
Бірінші кезекте, ауыл шаруашылығында өзгеріс болады
Бұл туралы "Астана клубы" аясында Тұңғыш Президент Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Руслан Ізімов мәлімдеді.
"Дағдарыстың болуы кез келген уақытта қауіп пен мүмкіндік тудырады. Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана осы туралы айтқан болатын. Осы тұста Қазақстанның алдында белгілі бір мүмкіндіктер ашылғанын айта өту керек. Бірінші кезекте, Ауыл шаруашылығы саласында өзгеріс болады. Өздеріңіз білетіндей, Қытайға қатысты үлкен санкциялар пакеті ауыл шаруашылығына, дәнді дақылдардың импортына қатысты болды. Дәл осы жерде бізде артықшылық бар, негізінен бұл мәселе ҚР АШМ Қытай үшін экспорттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру үшін пысықталды", - деді Руслан Ізімов.
Сонымен қатар, ол осы екі елдің қарама-қайшылықтары әлемдік экономикаға, әлемдік тәртіпке және Еуразия елдеріне кері әсерін тигізетінін атап өтті.
"Сауда соғысының риторикасы үлкен өзгерістерге әкеледі, одан шығу ұзақ уақыт алады" - деді ол.