Weekend

«Илигай» мен «Икигай» түсінігі қалай пайда болды?

Барлығымыз бала жастан құлағымызға сіңіп, ұлттық мұрат саңылауынан ескен құнды әуендеріміздің бірі, халық әні «Илигайды» жақсы білеміз. «Илигай» - халқымыздың дала кеңдігіндегі асқақ та арынды, биік те терең сезімге толы әуезді үні. Тыңдасаң болды ән мәтініне елтіп, шынайы сағынуды, сүюді, сезінуді ұғынасың. Анығы, әннің өзі жүрек қыртысыңа ұялап ұғындырады. Тезім толқыны болып тулап, паң көңіл жағасына сыр ақтарады. Ал жапон танымындағы «Икигай» ше? Генетикалық бірлікті былай қойғанда, табиғатынан ішкі тазалық пен адами құндылықтарға мән берген қос ұлтта ортақ ұқсастықтар көп-ақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әңгіме (жапон аңызы)

«Бірде жапон қалашығында бір әйел қайтыс болады. Денесін тастаған оның жаны аспан құшағындағыата-бабаларыныңрухтарынаұшырасады.
Ішіндегі қатты дауыстаған біреуі: «Сен кімсің?» - деп сұрайды.
- Менәкімніңәйелімін, - деп жауап берді ол.
- Менсененкүйеуің кім екенін сұрамадым.Айтыңызшы, сізкімсіз?- дейді содан соң жұмсартып.
- Мен төрт баланың анасымын әрімектепте мұғаліммін.
- Мен сізге қанша балаңыз бар, қайда жұмыс істедіңіз? деген сұрақ қойдым ба? – дейді тылсым дауыс.

Осылайша тосын сұрақтармен төпелеу әйел рухының: ««Мен күн сайын отбасыма қарайласу үшінжәне мектепте балаларға білім беру үшін оянатын адаммын» деп айтқанына дейін жалғасады.Сол жауаптан кейін оның жаныденесіне қайтып, ауруынан айығады. Әйел солайша өз «Икигайын»табады.

Икигай

Жапонұғымындағы«Икигай»сөзін қазақша дәлме-дәл тәржімалау қиын. Бірақ оны «адам өмірінің мәні, бізді құлқын сәріде қуанышпен оянуға итермелейтін құбылыс» деп түсінуге болады.Басқаша айтқанда,икигай- шығыстүсінігіндегісіздің негізгі қызығушылығыңыздың,сіздің өміріңізге қуаныш әкелетінсебептердің ықшамдалған анықтамасы.

Ертеден Окинава аралының тұрғындары бұл ұғымды өз философиясының ұстыны етіп қабылдағанымен, батыс үшін «Икигай» мүлдем таңсық дүние деп айтуға келмес. Біз мұны өз өмірінде бірталай жетістіктерді бағындырған тұлғалардың еңбек жолына үңілгенде байқадық. Мәселен, «Біз өз жұмысымызға қайта кірісу үшін келер таңды асығыспен атыратын едік» - дейді, ұшақты ойлап тапқан Уилбур Райт.

Ал әйгілі Apple компаниясын құрушы Стив Джобс: «Жан қалайтын дүниемен айналысыңыздар. Бұлай ету сізді, міндетті түрде, жетістікке жетелейді. Үнемі таңертең айнаға қарап тұрып мен өзімнен: егер бүгін өмірімнің соңғы күні болса қайтемін, қандай іспен шұғылданаруды қалар едім?- деп сұрайтынмын. Егер жауап қатқанда «Жоқ» деген сөзді күн сайын қайталай берсем, онда өмірімді басқаша құру керек деген теген сөз» деп ағынан жарылады.

Тіршік етуге деген құлшыныс, өз жұмысын ыждағаттылықпен жоғарғы дәрежеде атқару - адамдарға өзді-өзін бағалауды үйретіп, қанағат пен өмірдің мәнін ұғындырады. Жапондардың айтуынша, өз «икигайын» тапқан адамдар қашан да депрессиядан ада, үнемі оптимистік шешімдерге құштар, сондай-ақ зиянды әдеттермен әуестенбейді. Сол себептен, ұзақ та мағыналы өмір сүруге ниет еткен әрбір адамзат баласы таңғы ұйқыны айырбастайтын жекеменшік «икигай» тапқаны дұрыс.

Ал«Илигай» әнінде:«...Сертке тұрсаң мен сендік, жаным құрбан,

Сырым осы, сертімді беріп тұрмын» деп келетін жолдар бар.Әдепкі ғашықтар серті. Өзара байланыс, екеуара үзілмес жіптік. Серттесудің әнге қосылған бұл айғағы – дала перзенттерін бірсөзділік пен махабаттың биік мұраты жолындағы талаптарын сақтауға шақырады. Ендеше, екі ұғымға дыбысталу жағынан ғана ұқсас сөздер деп айдар тағу орынсыз, «Илигай» мен «Икигай» - тәрбие қағидалары, өмір сүрудің, содан соң кемелділікке жетудің басты формалары.