Спорт

Қазақстандық боксшы қоңырау шалып қоштасты

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Антон Пинчук карьерасын аяқтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мән-жайды Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді.

"Бір аптадай бұрын қоңырау шалды. Біріге атқарған еңбек үшін алғыс айтты да, карьерасын аяқтайтынын айтты", - дейді Мырзағали Айтжанов.

Бапкердің сөзінше, ол Антонмен бірге жұмыс істегенге қуанышты болатын. Ұлттық құрамада боксшы көшбасшылардың бірі еді.

Мұның алдында 2012 жылғы Лондон және 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов карьерасын аяқтағанын мәлімдеген еді.

Пунчук - 91 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (2012-2013, 2016-2017). 2013 жылы Иордания астансында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарының чемпионы. 2018 жылы наурызда Варшавадағы Феликс Штаммды еске алуға арналған турнирді жеңіп алған. Сонымен қатар, Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) қазақстандық "Астана Арланс" клубының құрамында болған.

Дереккөз: vesti.kz