Саясат
Ресей мемлекеттік думасының депутаты сайлауға байланысты пікір білдірді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com"Бүгін біз сайлау учаскесі ашылмай тұрып келдік. Негізгі мақсат – сайлауға дайындықты көру. Басқа бақылаушылармен де кездестік. Шынымен де, тәуелсіз бақылаушылар келді. Олардың ішінде азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар", - деді Выборный.
Оның айтуынша, әзірге ешқандай кемшілік байқалып жатқан жоқ. Сайлау учаскесі уақытында ашылды. Адамдар емін-еркін келіп, дауыстарын беріп жатыр.
"Қазақстан халқы үздіктердің ішінен үздік кандидатты таңдайды деп сенеміз. Халықтың мұң-мұқтажын білетін әрі түсінетін адам ғана сайлауда жеңіске жете алады", - деп атап көрсетті Выборный.
Қазақстан президенті сайлауы
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:
Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
"Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
"Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
"Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61