Саясат
Бұл бәсекелестік әскери қақтығысқа әкелуі мүмкін
Бұл туралы бүгін "Астана клубының" пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
"Ресей, АҚШ және ҚХР арасындағы геосаяси бәсекелестіктің шиеленісуі бүкіл Еуразия аумағында байқалып жатыр. Үш мемлекеттің арасында үнемі қиындық туындайтын. Бұл мемлекеттердегі басқару деңгейі соңғы жылдары күрт төмендеп барады. Сол себепті бұрын-соңды болмаған ірі дағдарыс болуы мүмкін. Енді кең ауқымды қақтығысқа көшуге қабілетті мемлкеттердің ықтималдығы бірнеше есе артады. Дағдарыс кезіндегі шиеліністер әскери конфронтацияға әкелуі мүмкін", - деді Президент.
Ол сонымен қатар, жаһандық қауіпсіздікті дамыту институттарының тиімділігі туралы айтып өтті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі стратегиялық тұрақтылық негіздерін шешу бүгінде негізгі мәселе екеніне назар аударды.
"Орташа және жақын қашықтықтағы зымырандарды жою жөніндегі келіссөздер жағдайы қиындық тудыруда. 2021 жылға дейін қару-жарақты қысқарту жөніндегі шартты ұзарту мәселесі маңызды болып отыр. Егер шарт тоқтатылса, қару-жарақты бақылау жүйесі де бұзылады", - деп сөзін жалғастырды Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның пікірінше, әлемдік державалар қару-жарақты жаппай пайдалануға қайта оралуы мүмкін. Сондықтан адамзат балаларының болашағы үшін алаңдайды.