Саясат

Назарбаев пен Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Құттықтау хат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

Назарбаевтың қазақстандық боксшының жеңісімен құттықтау хатын Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды. Ал жекпе-жектен соң Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізген еді. 

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

"Еліміздің мақтанышы - Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61