Саясат
Жағымды жаңалық
"Жаңа ғана жағымды бір жаңалық келді. Еліміздің мақтанышы, танымал боксшымыз Головкин тағы да жеңіске қол жеткізді. Сондықтан келешекте бәрі дұрыс болады деп ойлаймын. Әйтеуір, басты құндылығымыз – татулық, ынтымақ пен бірлік сақталады. Бұл – ең басты мәселе", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, ішкі тұрақтылық болса, реформалар ары қарай ойдағыдай жүргізіледі.
Айта кетейік, биыл Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін заңға сәйкес сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымына келді. 20 наурызда ол ант беріп, Қазақстан президенті қызметіне кіріскен болатын. Тоқаев 2020 жылға, яғни Назарбаевтың мандаты аяқталғанша президент қызметін атқара алады. Дегенмен, 9 сәуірде ол кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Сайлау 9 маусымға белгіленді.