Саясат

«Ұлт тағдыры» қозғалысының бақылаушысына шабуыл жасалғаны хабарланды

Сайлау - 2019

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

9 маусымда Алматыда Оқушылар сарайындағы № 377 сайлау бөлімшесінде белгісіз адам «Ұлт тағдыры» қозғалысының бақылаушысы Бақытжан Абдрашитовқа шабуыл жасады. Бұл туралы Азаттыққа құқық қорғаушы, адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро координаторы Ерлан Қалиев хабарлады.

Шабуылға ұшыраған бақылаушы Абдрашитовтің айтуынша, ол бақылаушылар тобы мен сайлау бөлімшесінің қызметкері арасындағы дауды камераға түсіріп тұрғанда белгісіз біреу шабуыл жасаған.

Абрашитовтің айтуынша, сайлау бөлімшесінде жүрген кезекші полиция шабуылдаған адамға ешқандай шара қолданбаған.

«Ұлт тағдыры» қозғалысының бақылаушысы сайлау учаскесіне бір уақытта бірнеше адам кеп, аты-жөндерін емес, реттік сан айта бастаған. Осыдан кейін бақылаушылар мен сайлау учаскесі қызметкерлері арасында дау шыққан.

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Осы күні Алматыда жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға қарсылық танытты. Кем дегенде жүз адамды полиция ұстап әкетті.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, ел аумағында 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазақстаннан тыс жерде 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған.

ОСК дерегінше, Қазақстанда дауыс беруге құқығына ие 12 миллионға жуық сайлаушы бар.

Азаттық радиосы