Саясат
Болгария Республикасы Парламентінің депутаты
Ол болгариялықтардың бұл сайлауға үлкен құраммен келгенін айтады.
«Байқаушылардан бөлек Орталық сайлау комиссиясының өкілдері, журналистер де келді. Кеше Орталық сайлау комиссиясында бірнеше кездесу өткізсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше учаскеде болдық. Ең бастысы, халықтың алаңсыз дауыс беруіне заңнамалық тұрғыдан да, ұйымдастыру тұрғысынан да барлық жағдай жасалған. Барлық кандидаттарға бірдей мүмкіндік берілген деп айтуға болады. Сайлаудан алған әсеріме келер болсақ, бұл сайлауда кімнің жеңетінін білетін сияқтымын. Бұл додада Қазақстан халқы жеңеді», - дейді байқаушы.
Аталмыш елден келген тағы бір байқаушы, Болгария Республикасы Сыртқы істер министрлігінің саяси мәселелер жөніндегі бас дирекциясының бас директоры Петко Драганов Қазақстандағы сайлауды өз еліндегі саяси науқандармен салыстырды.
«Мұндағы сайлаушылардың белсенділігін ерекше атап өту керек. Бізде жуықта Еуропарламент сайлауы өтті. Ондағы сайлаушылардың белсенділігі мен қазақстандықтардың белсенділігін салыстыруға да келмейді. Бізде қазір сайлау мейлінше адамның қатысынсыз, машинаның көмегімен жүзеге асады. Ол прогресс сіздерге де көп уақыт өтпей жетеді деп үміттенемін», - дейді Болгария өкілі.
Еске салсақ, Қазақстандағы сайлауды мыңнан астам шетелдік байқаушы қадағалауда.