Саясат
Кубаны не күтіп тұр?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСиньхуа ақпараттық агенттігінің 9 маусымдағы мәліметіше, Куба жекеменшік секторы Құрама Штаттар бұрынғы туризмге қатысты саясатын қатаңдастырды деп шағымданған.
«Гавана көне районында орналасқан жеке секторлардың кірісінің 90% круиздік сапармен келетін шетелдік туристерден келеді, АҚШ-тың жариялаған жаңа шаралары біздің мейрамханалар, кафелер мен қолөнершілер секілді жеке секторларымызға үлкен әсерін тигізді»,-деді «Кубалық валюта» мейрамханасының қожайыны Моралес.
Моралес Құрама ШтаттарКубаға саяхаттау саясатын күшейткеннен кейін бірнеше күннің ішінде-ақ жергілікті жеке экономикалық тұлғалар жағымсыз әсерді анық сезінгенін айтты.
АҚШ Мемлекеттік департаменті 4 маусым күні мәлімдеме жасап, 5-ші маусымнан бастап АҚШ жолаушы кемелері, туристік қайықтары және жеке немесе корпоративтік ұшақтардың Кубаға баруына рұқсат берілмейтінін жариялаған болатын. Бұған қоса, АҚШ тарапы адамдардың «топтық гуманитарлық білім беру» туристік категориясы бойынша Кубаға баруына да тыйым салды.
Гаванадағы ескі қала – сәулет өнерінің қазынасы болып табылады. 1982 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Гавана портындағы круиздік кемелердің тоқтайтын орыны ескі қаламен жалғасады, сондықтан көне қала районы саяхатшылардың сөзсіз баратын жері болып саналады.
«Круиздік индустриядан түсетін табыстардың кейбірі Кубалық үкіметіне түседі, бірақ қала туралы білгісі келетін көптеген шетелдік туристер жеке мейрамханаларға тамақ ішуге, жеке дүкендерге барып, кәдесыйлар сатып алуға барады және классикалық жеке автокөліктерге ортыпып қыдырады»,-деа сөзін сабақтаған Моралес Америка Құрама Штаттарының Туризмды ауыздықтау туралы саясатына өкініш білдірді.
Жергілікті «Роман-кафе» атты дәмхананың официанты Джоннидің айтуынша, АҚШ үкіметінің іс-әрекеті қарапайым адамдарға зиян келтіріп отыр.Ол:«айналып келгенде бұндай саясаттың құрбаны біз сияқты кірісі саяхатты негіз еткен Кубаның қарапайым тұрғындары»,-деп сөзін аяқтады.
Куба 2010 жылдан бастап жеке экономиканың біртіндеп дамуына жол ашты. 2018 жылың желтоқсанына дейін жеке меншік экономика Куба үшін 580 мыңнан астам жұмыс орындарын жаратып берді, бұл Кубаның жалпы еңбек күшінің шамамен 14% -ын құрайды, ал олардың көпшілігі жеке мейрамханалар мен жеке жалға алу сияқты туризмге байланысты салалар болып табылады.
Туризм – Кубаның сыртқы валютасының екінші ірі кіріс көзі болып саналады, ол Куба экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Куба үкіметінің ресіми мәліметтері бойынша, 2018 жылы АҚШ Кубаның екінші ірі турискөзі болып, Кубаға саяхаттау үшін келген Америкалықтарың саны 600 мың адам реттен асқан. Олардың басым көпшілігі круиз кемелерімен келгендер,қалған бөлігі Кубаға туысшылауға келген этникалық американдықтар екен .
2016 жылдың наурыз айында АҚШ президенті Барак Обама Кубаға тарихи сапар жасады. Осы жылдың мамыр айында АҚШ-тан шыққан круиздік кеме жарты ғасырдан астам уақыттан кейін алаш рет Кубаға жол тартты. Алайда, үш жылдан соң АҚШ үкіметі тағы да қатынауға тыйым салу туралы бұйрық шығарды. Халықаралық круиздік қауымдастығы 5-маусым күні мәлімдеме жасап,80мыңға жақын шетелдік туристер АҚШ-тың туризмге қатысты жаңа шектеулеріне байланысты Кубаға сапарлау жоспарын тоқтатуға мәжбүр болғанын хабарлады.
Ескі қаланың әйгілі Собор алаңында жыл бойы жайма сауда ашатын Барбара:«Мені ең қынжылтатыны бұл Американың бұл шешімі Кубалық мәдениетті, Кубаны жақсы білгісі келетін американдық туристерге көп қиындық алып келді»,-деп ағынан ақтарылды.Барбара күн сайын шетелдік туристермен жұмыс жасайды. Оның пікірінше,Кубакөптеген шетелдік туристерге жақсы әсер қалдырады.
Қолөнер дүкенінің қожайыны Джиллиан болашаққа қатысты алаңдаушылығын білдірд, ол тілшіге: «Менің ойымша, Куба туризм индустриясының қысқа уақыт ішінде құлдырайтыны сөзсіз»,-деп өз болжамын айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61