Саясат

Партия құрмақ болған Ринат Зайытовты полиция ұстап алып кетті

«Халқым, мен Қосановқа алданып қалдым» деп ағынан жарылған Ринат Заитовтың бүгін әлеуметтік желілер арқылы сағат 18: 00-де Алматы арена алдына жиналамыз деген үндеуі тарады. Алматы қаласындағы Алатау дәстүрлі өнер орталығының алдында қала тұрғындарымен кездескен айтыскер ақынды іле-шела полиция ұстап алып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақын көпшілік ортасында:

Бұл біздің жеріміз, бұл біздің ата-бабамызданқалған жер, ағайындар. Бала-шағамыз өсетін жер! Мен ел құсап шетелге қашып, сіздерді ешқайда айтақтап отырған жоқпын, сіздердің орталарыңыздамын. Ертеңгі күннен бастап партия құруды қолға аламын, ертеңгі күннен бастап мен барлық заңды жаттап, сіздерге не істеу керек екендігін бағыттауға тырысамын, ағайындар! Ол үшін мен ештеңеден қорықпаймын, ештеңеден тайсалмаймын. Жаңа Жүрсін /Ерман/ ағамнан бастап ескерттім... деп батыл кесімін айтты. 

Бұл ғана емес, полиция 10 маусым күні Алатау дәстүрлі өнер орталығының маңында жиналған 60 шақты адамды ұстап әкеткен. Олардың арасында Ринат Заитовтан бөлек режиссер Еркін Рақышев та бар.