Саясат
Мемлекет басшысы бас көтергендермен диалогқа дайын екенін жеткізді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПрезидент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев шеруге шыққандар мен диалог орнатуға дайын. Бұл туралы мемлекет басшысы отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
Оның айтуынша, наразылық шерулері кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерін әдейі арандатқаннан кейін, олардың тарапынан қажетті шаралар қабылданған.
"Бұл азаматтар шеттен келетін ақпаратты тұтынып, заңсыз әрекеттерге барған, басқа азаматтардың өміріне қауіп төндірді. Азаматтар полиция органдарына жүгініп, олардың тыныштығын қамтамасыз етуді сұраған. Сондықтан мен мүмкіндікті пайдаланып, өз қызметін кәсіби және абыроймен атқарған полиция қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді", - деді Мемлекет басшысы.
"Олар наразылық шеруі кезінде солай жасады. Болашақта да өздерін дәл осылай ұстайтын болады", - деді Президент.
Мемлекет басшысы бас көтергендермен диалогқа дайын екенін жеткізді
Десе де, Мемлекет басшысы әлдеуметік желілер деструктивті мақсатта қолданылмауы керектігін еске салды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61