Саясат
Көршілер арасында не болып жатыр?
Ресей-Қытай байланысы жөнінде қытайдың халықаралық істерді зерттеу қорының зерттеуші маманы Xu Yicong, Ресей-Қытай «бірлескен мәлімдемесі» жөнінде мақала жариялап, қазіргі таңдағы Ресей-Қытай байланысына баға берді.
Қытай-Ресей ынтымақтастығының жаңа дәуірдегі жан-жақты стратегиялық әріптестігі мен «одақтастық» екеуі мүлде екі басқа іс. Ортақ даму мен ортақ ілгерлеуге қол жеткізу үшін Қытай мен Ресей «серіктес» болды. Бұл «жақындықты» екі ел «одақтастық» орнатты деп түсінуге болмайды, өйткені формасы жағынан да, мағынасы жақтан да Қытай мен Ресей арасында «одақтасық » болған жоқ, одақ құрудың да еш қажеті жоқ деді сарапшы.
Естеріңізде болса, 5 маусым күні Қытай төрағасы Си Цзиньпиң және Ресей президенті Владимир Путин «Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының Жаңа дәуірдегі кешенді стратегиялық серіктестікті дамыту туралы бірлескен мәлімдемесіне» қол қойған болатын. Зерттеуші бұл туралы “Осы келісім екі елдің байланысын жаңа белеске көтерді,әлемнің болашағы үшін үлкен әрі маңызды жауапкершілік арқалады”,-деп бағалады.