Саясат

Әркім мықты болса өз мемлекетін басқарсын

Мен соңғы уақыттарда ер адамның қоғамда қандай рөлге ие екенін аңғара алмай жүрмін. Қай арнаны ашсаң да, инстаграмға кірсең де мемлекеттен көмек сұрап, митинг жасап, шырылдап жүретін аналарға қарап, жүрегің аурады. Кім кінәлі? Мемлекет пе әлде еркек пе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ешқандай әйел күлге аунап, көпбалалы бола қалмайды. Ұрпағының көп болғанын қалады ма, балалары «Әкем» деп мақтанатындай еркек - бір үйдің тірегі болуы керек. Ері бар үйдегі әйел ананың кімге болса да қол жайғаны ұят. «Жұмыс жоқ, кредитім бар» деп өтірік сылтау айтатындарға жұмыс жоқ па, өзің кінәлісің! Саған ешкім оқыма, болмаса бір- екі бас малыңның бетіне қарап отыр деген жоқ. Ауылда тұрасың ба, көбейт малдың басын. Өсір, сат. Солай мен де көпбалалы отбасының ақылы бөлімде оқитын қызы болып өсіп келем. 

Қалалы жердесің ба, саудамен айналыс! Қалауын тапсаң қар жанады. Дипломсыз- ақ басың істесе, ақша тауып, балаңнын барлық қажетін қамтамасыз етіп, үй салып, іс қылуыңа болады. Алайда ерді ер ететін әйел емес пе?Алайда біздің әйелдер керісінше жасайды. Еркегінің қолынан түк келмейтінін мойындап, көтеріліп, мемлекеттен еншімді алам деп жүргенде ана еркек оның тұңғышына айналып, әйеліне қарап аузын ашып, не тірлікте ебі жоқ, әйеліне сеніп алған бейшара біреу болып қала береді. Кредитті неге алды олар? Себебі еркектің ақша табуға басы жетпеді. Сол үшін тойды кредитке жасады. Зона конфортада өмір сүретін ер адамдар ол зонадан шығыңыздар. Ойда қалыптастырып алған «айдың соңында айлығымды алам, бір ай бойы таңғы 9 дан кешкі 18/ 00 ге дейін жұмыста, сосын үйге келем де тамағымды ішіп алып, дем алам» демей, өзіңді дамыт. Кітап оқы. Табысты әкелерді зертте. «Ол жасағанды неге мен жасай алмаймын» деп өз-өзіңді шабыттандыр. Егер сен өзіңнің 6 адамнан тұратын мемлекетіңді басқара алмасаң «президент бізге жағдай жасай алмайды, біз жағдайы төмен отбасынанбыз» деп 18 000 000 халыққа әке боп жатқан адамды кінәлауға құқың жоқ. Сенің мемлекетке кредитің, қарызың бар ма, енді сен оны қайтармағаның үшін ол да басқа жолын іздеп басқа бай президент әкеден қарыз алады. Ал сен өз кінәңді мойындамай, «Қазақстанның қарызы көп. Саясат бізді алдайды. Біз тек қуыршақпыз» деген секілді сөздерді ұялмай қалай айтасың. Сен өз балаңа қарызың, берешегің жайлы айтасың ба? Жоқ. Балам әкесін сәтсіз деп ойлап қалмасын дейсің. Ал президент бізге бәрін айта берсе не болады. «Мұндай әкенің барынан жоғы» дейміз. Сондықтан барлық нәрсеге кінәлі өзіміз. Әркім мықты болса өз мемлекетін басқарсын, сонда ел әкесіне де айтылар сын азаяды. Тек жауапукершілікті сезіну керек. Бір орында тұрған су сасиды. Жігіттер, әсіресе сендерге тоқтап қалуға болмайды. Дамыңдар. Миларыңды үйлене сап отставкаға жібермеңдер. Мен сіздерге сенемін.