Саясат
Білім және ғылым вице-министрі қамауға алынған болатын
– Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін мен ештеңе айта алмаймын, өйткені ол тергеуге қысым жасау деп қабылдануы мүмкін. Сондықтан біз ешқандай түсініктеме бермейміз, – деді Шәмшидинова.
Ол вице-министрдің қамауға алынуы мен Ұлттық тестілеу орталығы ісі арасындағы байланыс туралы да еш ақпарат бере алмады.
– Баспасөзде жарияланған ақпараттарды ғана білемін. Бұл туралы басқа ештеңе айтылмады. Тергеу жүріп жатқандықтан біз әзірге ештеңе білмейміз, – деп қосты ол.
6 маусымда ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынған болатын.