Спорт
20 жасында Олимп шыңын бағындырған қазақ боксшысы туралы толықметражды деректі фильм түсіріледі
2019 жылы 20 жасында Сидней Олимпиадасының шаршы алаңында жасындай жарқылдаған белгілі былғары қолғап шебері Бекзат Саттархановқа арналып деректі фильм түсірілмек. Бұл туралы "Хабар" телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек "Казинформ" тілшісімен болған әңгімеде хабарлаған болатын.
Сондай-ақ, продюсер фильмді түсіру жұмыстарына Қазақстанның белгілі былғары қолғап шеберлері кеңесші ретінде шақыртылатындығын, ал фильмнің негізгі бөлігі спортшының туған жері Түркістанда түсірілетіндігін атап айтты.
Еске сала кетейік, Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алған. Саттарханов 1998 жылы 18 жасында жастар арасындағы Азия біріншілігінде және әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. 19 жасында Орталық Азия чемпионатында күміспен күптелсе, ал кейін Азия чемпионы және Орталық Азия елдерінің жеңімпазы секілді атақтарға қол жеткізді. 2000 жылы Гран-При кубогінде қарсылас шақ келтірмеді. Спортшының мансабындағы ең айтулы жетістік 2000 жылы Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарының алтын медалі болатын. Спорттағы бокс сарапшылары Саттарханов Қазақстан үшін ең үлкен және сенсациялық боксшы екендігіне тоқталды.
Бар-жоғы 20 жасында өзінің алғашқы мүмкіндігін сәтті пайдаланған Бекзат Саттарханов Олимпиада чемпионы деген мәңгі тозбайтын атаққа ие болды. Қазақ бокс тарихындағы жарық жұлдыз Саттарханов жол апатынан қаза тапқан болатын.